Егер Олимпиададағы алтын медаль таза алтыннан тұрса астрономиялық сомма болар еді. Сондықтан, дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар әртүрлі «қулықтарға» жүгінеді, деп жазады Prosports.kz.

Париждегі Олимпиада ойындарында бірінші орынға берілетін марапат, яғни алтын медаль 92,5% күмісті құрайды. Бірақ сонымен бірге медальда шамамен алты грамм алтын бар.

Күміс медаль 100% күмістен жасалған. Қола медаль – мырыш, қалайы және мыс қорытпасының қоспасы.

Бүгінгі күні Олимпиада жүлделерін дайындаудағы металдардың бұл қатынасы Халықаралық Олимпиада комитетінің ережелерімен реттеледі.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында төрт күннің қорытындысы бойынша Қазақстан атынан тек дзюдошы Елдос Сметов қана алтын медальді тіске басты.