Париж Олимпиадасында 51 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген Сәкен Бибосыновтың ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматов пуэрто-рикалық Хесус Лопезбен кездесіп, 5:0 есебімен ұтып, Сәкеннің келесі қарсыласы атанды.

Бибосынов та өз кезегінде ширек финалға сенімді жолдама алды.

Айта кетейік, Думатов 2023 жылы күзде Ханчжоу қаласында (Қытай) өткен Азия ойындарында 1/8 финалда Бибосыновты жеңген болатын.