Босниялық шабуылшы Андрия Дрльо «Қызылжарға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы футболшы оң қанатта ойнайды. Transfermarket порталы босниялықтың құнын 200 мың еуроға бағалап отыр.

1 шілдеден бастап футболшы еркін агент. Соңғы клуб «Железничар» болды. Ол сонымен қатар «Зриньски», «МТК», «Динамо Загреб» және «Широки Бриег» сияқты клубтарда ойнаған.