Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

80 келі салмақтағы жекпе-жекте Нұрбек аустралиялық боксшы Каллум Петерспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 3 жүлдесі бар. Қазақстандық спортшылар 1 алтын және 2 қола медаль иеленді. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, атудан жалпы командалық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды. Тағы бір қола жүлдені дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев иеленді.