ПСЖ 29 жастағы Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Йозуа Киммихтің трансфері бойынша «Бавариямен» байланысқа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Санти Ауна мәліметінше, париждік клуб «Бавария» мен ойыншының сұрайтын сомасын біледі. Немістер Киммихті сатуға дайын.

Өткен маусымда Киммих барлық турнирде 46 матчқа қатысып, екі гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.