Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеуден сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дмитриенко «трап» бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды. Ол жалпы есебі 73 ұпай жинаған. Финалға алғашқы 8 спортшы ғана жолдама алады.

Ал жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан.

Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан.

Үшінші сатыда австралиялық Пенни Смит.