«Достық кубогы» халықаралық турниріне көкшетаулық «Арлан» мен Ташкенттің «Хумо» командалары өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс екі кезеңде өтеді. Іріктеу турнирі 15-18 тамыз аралығында Ташкентте өтеді.

Қатысушылар қатарына AKM (Тула облысы) және «Брест» және тағы басқа клубтар енеді.

Бірінші және екінші орын алған командалар 2025 жылдың 4 және 5 қаңтарында өтетін Төртеу финалына жолдама алады.

Төртеу финалының өтетін орны кейінірек анықталады.

Турнирге бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша екі командадан бөлек, өткен маусымдағы Беларусь экстралигасының және ЖХЛ чемпиондары – «Металлург-Жлобин» мен «Нефтяник» (Альметьевск) командалары да қатысады.