Дзюдодан Париж Олимпидасының чемпионы Диёра Келдиёрова өзбекстандықтардан қарсыласы Ута Абэге қатысты жағымсыз пікір жазбауын сұрап, барлығына құрмет көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Олимпиадада Диёра Келдиёрова Ута Абэні жеңгеннен кейін әлеуметтік желі қолданушылары жапониялық татами шеберінің ар-намысына тиетін пікірлер жаза бастады. Бұл ретте өзбекстандық спортшы қарсыласына лайықты құрмет көрсетуге шақырды.

«Мен көрермендерден бәріне жоғары құрмет көрсетуін сұраймын. Спорт - бізді біріктіретін күш! Біз басымызды дзюдо қосқан отбасымыз. Сондықтан жағымсыз пікір жазуды тоқтауларыңызды өтінемін. Менің ойымша, дзюдо үйрететін ең маңызды қағида — ол құрмет», — деп жазды Д.Келдиёрова Instagram-дағы ресми парақшасында.

Айта кетейік, Ута Абэ төртжылдық бәсекенің басты фавориті болды. Ол кейінгі 5 жыл ішінде жеңіліп көрмеген (соңғы 47 белдесуін жеңіспен аяқтаған).

Оны Париж Олимпиадасының 1/8 финалында өзбекстандық дзюдошы Диёра Келдиёрова Ippon-мен жеңіп, жарыс жолынан ығыстырды.

Одан кейінгі белдесулерде де Д.Келдиёрова қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша ол бұл елдің тарихында дзюдодан Олимпиада «алтынын» алған алғашқы спортшы атанды.