Қазақстандық дзюдошы Есмигүл Куюлова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында алғашқы қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта сынға түседі. 1/16 финалда австриялық Любьяна Пиовесанамен белдесті. Өкінішке қарай, қазақстандық дзюдошы қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасының 1/8 финалына шыға алмаған еді.