Қазақстан құрамасының шабуылшысы Евгений Рымарев «Челниге» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

HockeyRu телеграм-арнасының хабарлауынша, біржақты келісімшарт бір жылға жасалған.

Өткен маусымда 35 жастағы хоккейші ҚХЛ-ның тұрақты маусымында «Барыс» сапында 35 кездесу өткізіп, 9 (6+3) ұпай жинаған.