3 тамызда Бішкекте өтетін Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 61 турнирінің негізгі кардындағы кезекті кездесу анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақта Қазақстандағы атақты MMA Takhtay Team командасының қырғызстандық файтері, «Тайсон» лақап аты бар Арген Абдыкадыр уулу (8-1) өзбекстандық Рустам Даминовпен (4-2-1) кездеседі.

Турнирдің басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.

Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.

OCTAGON 61 турнирінің билеттерін kassir.kgсайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink