Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (13-0, 11 КО) АҚШ-та өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Ахмедов келесі жекпе-жегін 31 тамызда Калифорния штатындағы Санта-Инесте өткізеді. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Ахмедовтың қарсыласы жергілікті спортшы Антонио Тодд (17-10, 9 КО) болады. Орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Садриддиннің өнері промоутер Том Леффлердің шоуы аясында өтеді. Бұл Садриддин Ахмедовтың штаттардағы дебюттік жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 24 желтоқсан күні Алматыда өткізді. Боксшы алғашқы раундта оңтүістікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны (23-11-1, 18 КО) жеңді.