Олимпиада ойындарында үстел теннисінен 1/16 матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Кирилл Герасименко тартысты кездесуде неміс Дю Цанды 4:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, матч барысында Кирилл 1:3 жеңіліп жатты.

Қазақстандық спортшының 1/8 финалдағы қарсыласы кейін анықталады.