Қазақстандық файтер Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегіне келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал қазақстандық файтер өзінің Instagram парақшасындағы жазбасында тағы бір отандық файтер Нұрберген Шәріповпен жекпе-жек туралы келісімге қол қойған видеосын көрсетті.

Бұған дейін Хамитов пен Шәріпов рингте кездесуге дайын екендіктерін айтқан болатын.