Рустам Мурзағалиев «Астанамен» келісімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«24/25 маусым «Астана» үшін қатарынан он бірінші болмақ. Осы жылдар ішінде Рустам клубтың символы мен тұлғасына айналды. Ұзақ жылдар бойы клубқа берілгендігі және көшбасшылық қасиеттері үшін оған команда капитаны атағы берілді.

Рустам тек клубтың ғана емес, ұлттық құраманың да көшбасшыларының бірі», - деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.