«Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов «Ахматқа» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport24 хабарлауынша, трансфер құны 1 миллион еуроны құрап, келісім-шарт 4 жылға жасалады.

Ойыншы апта ортасында Грозныйда медициналық тексеруден өтеді.

Биылғы маусымда Самородов Қазақстан чемпионатында 12 кездесу өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.