Сербиялық теннисші Новак Джокович (АТР рейтингінде 2-орын) Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада турнирінің екінші айналымында испаниялық Рафаэль Надальмен (161-орын) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джокович Надальді екі сетте – 6:1, 6:4 есебімен сенімді жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

1/8 финалда Новак Доминик Кепфер (Германия, 50-орын) - Маттео Арналди (Италия, 45-орын) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.