Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Әлішер Сүлеймен «Тобылға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанай клубының басшылығы Сүлейменмен келіссөз жүргізді. Жас қақпашы мансабын «Тобылда » жалғастыруға қарсы емес.

Енді «Тобылдың» басшылығы Әлішер ойнайтын «Жеңістің» басшылығымен келіссөз жүргізуі керек.

Биылғы маусымда Сүлеймен елордалық клубтың негізгі құрамы сапында алаңға шықпаса да, екінші лигада «Жеңіс» жастар құрамасы сапында 9 кездесу өткізіп үлгерді.

Қақпашы Қазақстан жастар құрамасына да шақырылып жүр, бірақ әлі ұлттық құрама жейдесінде бірде-бір ойын өткізген жоқ.