Қазақстандық Александр Бублик пен Александр Недовесов ерлер арасындағы жұптық сайыста Парижде өтіп жатқан Олимпиада турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандықтар бразилиялық Т.Уайльд/Т жұбынан 4:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.

Келесі айналымда бразилиялықтар А.Де Минаур/А.Попырин (Австралия) - Р.Рам/О.Крайчек (АҚШ) кездесуінің жеңімпаздарымен ойнайды.