Natus Vincere халықаралық командасы Clavision Snow Ruyi Invitational Dota 2 киберспорт чемпионатында А тобында ресейлік Virtus.pro командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Арман Маlady Оразбаевтың командасы үшін бұл жеңіс турнирдегі екінші болды. Екі матчтан кейін Virtus.pro-да үш ұпай бар.

Clavision Snow Ruyi Invitational киберспорт чемпионаты 28 шілде мен 4 тамыз аралығында Қытайдың Чжанцзякоу қаласында өтеді. Қатысушылар жалпы жүлде қоры 500 мың долларға таласуда.