Бокстан Өзбекстан құрамасының өкілі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалы аясында әлем және Азия чемпионы Абдуллаев мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен рингке шығып, 5:0 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиадаға Қазақстан атынан 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысып жатыр.