Испания футзалындағы алпауыттардың бірі «Эль Позо» алматылық Қайратта ойнаған ойыншыны қатарына қосты, - деп хабарлайды Prosports.kz.

Әңгіме 2024 жылдың басынан бері өз еліндегі ең мықты клубтардың бірі Магнус Футзалдан ауысып, қазақстандық клубты нығайтқан 24 жастағы бразилиялық Рикардиньо (бәлкім, Рикардо Анрике Лемос Диниз) туралы.

Бірақ жазғы трансферлік терезеде келешегі зор футзалшыны испандықтар оның келісімшартындағы өтеу мүмкіндігі туралы тармақты пайдаланып, өз қатарына қосып алды.

2024/2025 жылғы Қазақстан чемпионатында Рикардиньо 22 матчта 15 гол соғып үлгерді.