Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР рейтингінде 58-орын) Париж олимпиадасындағы жекелей сында бірінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс басында ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы чехиялық Якуб Меншикпен (81-орын) кездесіп, екі сетте 3:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Осылайша, ерлер арасындағы жекелей сында бірінші айналымнан кейін Олимпиадада Қазақстанның бірде-бір теннисшісі қалмады.