Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қола медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз қола үшін белдесуде сербиялық Страхиня Бунчичті жеңді.

Айта кетейік, Қырғызбаев жартылай финалда бразилиялық дзюдошы Амандо Лимаға есе жіберген болатын.

Осылайша, Қазақстан қоржынына Олимпиада ойындарының үшінші медалі түсті. Кеше спортшыларымыз бір алтын және бір қола медаль алған.