Семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финал жолдамасы үшін таласта Курбанов жапониялық Коки Каномен кездесті.

Өкінішке қарай, қарсылас спортшы кездесу басталған бойда ұпай санымен алға озып, сол басымдықты ең соңына дейін ұстап тұрды.

Қорытынды есеп - 6:15, Каноның еншісінде.

Бүгін жарыс жолына шыққан Вадим Шарлаимов пен Эльмир Алимжанов та жарысты аяқтаған болатын.

Фото: Владислав Семенов