Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

71 келі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізген Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді.

Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды.

Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті.

Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады.

Фото: Сали Сабиров