Париж Олимпиадасының екінші жарыс күнінде дзюдодан ерлер арасында 66 келі салмақтағы жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл салмақ дәрежесінде ел намысын Ғұсман Қырғызбаев қорғап жатыр.

Ғұсман алғашқы айналымда испаниялық Давид Гарсия Торнемен белдесті. Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, Қырғызбаев "ваззари" ұпайымен жеңіске жетті.

Келесі айналымда ол Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездеседі.

Фото: Тұрар Қазанғапов