Атудан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Александра Ле Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 10 метрге пневматикалық мылтықтан атудан жақсы нәтиже көрсетті.

Іріктеу қорытындысы бойынша Александра алтыншы нәтиже көрсетті (631,4 ұпай). Бастапз кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік сегіз спортшы финалға өтті.