Париждегі Олимпиада аясында семсерлесуден ерлер арасында жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Вадим Шарлаимов турнирді 1/32 финалдан бастады. Бастапқыда оған Гарри Санер (Оңтүстік Африка) қарсы болды.

Шарлаимов қарсыласын сенімді жеңді. Кездесу 15:9 есебімен аяқталды. Ол 1/16 финалға өтті. Бұл турда Руслан Құрбанов пен Эльмир Әлімжанов та өнер көрсетеді.