Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Вашингтондағы (АҚШ) турнирге іріктеудің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы америкалық Макс Крюгерден 6:2, 6:4 есебімен ұтылды. Айта кетейік, кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды.

Келесі айналымда Крюгер тағы бір америкалық Захари Свайдаға қарсы ойнайды.