Парижде өтетін Олимпиада ойындарында бадминтоннан іріктеу жарыстары өтуде, бұл спорт түрінен Қазақстан атынан Дмитрий Панарин өнер көрсетуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 28 шілдеде спортшы алғашқы кездесуін өткізді. Оның қарсыласы жапондық Кента Нишимото болды.

Кездесуде 2:0 (21:5, 21:11) есебімен жеңіске жеткен жапондық спортшы мықтырақ болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Панарин іріктеу кезеңінде D тобында сынға түсіп жатыр, келесі қарсыласы канадалық Брайан Янг болмақ.

Айта кетерлігі, қазақ спортшысы бадминтоннан Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр.