Бүгін Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының намысын үш спортшы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда нигериялық Адам Олаоремен кездеседі. Жекпе-жек 14:30-да басталады.

Сағат 18:45-те Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың жекпе-жегі басталады - 71 келіге дейінгі салмақта 1/16 финал кезеңінде иорданиялық боксшы Зеяд Ишайшпен жұдырықтасады.

Сағат 19:50-де Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда италиялық Джордана Соррентиноға қарсы шығады.

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы «Хабар» (14:00) және «Ел арна» (18:30) телеарналарында көрсетіледі.