Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко турнирдің ашылу матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесуде оған чилилік Николас Бургос қарсылас атанды. Герасименко ойын барысында жалпы 11:4, 11:5, 12:10, 11:6 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда Герасименко португалиялық спортшы Тиаго Аполония мен неміс Дан Цю арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.