Париж Олимпиадасында алғашқы қазақстандық боксшы жарыс жолын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келі салмақта бақ сынайтын 21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалға сенімді өтті.

Турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Базарбайұлы испаниялық құрдасы Ойер Ибарреч Кондені 5:0 есебімен жеңді.

28 шілде күні үш қазақстандық боксшы рингке шығады. Толық кестемен осы жерде танысуға болады.