Париждегі Олимпиада ойындарына өз елінің делегациясымен бірге келген Самоа ерлер құрамасының бапкері Лионель Элика Фатупаито 60 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фатупаито 26 шілде, жұма күні жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарында самоалық жалғыз боксшы, ауыр салмақтағы Ато Плодзицки-Фаоагалиді жаттықтыруы керек еді.

«Лионел Элика Фатупайтоның отбасына, достарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз. Лионельдің боксқа деген адалдығы мен құмарлығы спорттық ортада ұмытылмас әсер қалдырды. Оның мұрасы болашақ ұрпақты шабыттандырады», - делінген Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) мәлімдемесінде.