Санкт-Петерборлық «Зенит» Ресей премьер-лигасының 2-туры аясындағы ойында қазандық Рубин командасын 4:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп екінші матч қатарынан қосалқы құрамда қалды.

РПЛ келесі турында «Зенит» өз алаңында «Ростовты» қабылдаса, «Рубин» «Химкиді» қабылдайды. Екі кездесу де 3 тамызда өтеді.