Түркістандық «Тұран» ганалық жартылай қорғаушы Давид Мавутормен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дэвид Мавутор екі жақтың келісімі бойынша «Тұран» клубынан кетті. Біз Дэвидке осы уақытқа дейін қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және оған Тәжікстан чемпионатында сәттілік тілейміз», - деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Мавутор «Тұраннан» бөлек ҚПЛ-да «Жетісу», «Шахтер» және «Ақсу» командаларында ойнаған.