Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтты, деп жазады Olympic.kz.

"Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік... Қарсылас (швециялық Тара Бабулфатты айтады - ред) өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істедім. Қарсылас біліп тұр, сол үшін аяқтан теуіп тұрды", - дейді көзіне жас алған Абиба.

Айта кетелік, Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді.