Дзюдодан Қазақстан ерлер командасының капитаны Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы қазақ балуаны шешуші белдесуде татами иесі Лука Мхиедземен кездесті.

Елдос финалда ширақ қимылдап, вазари әдісін қолданып, ұпай алып, қарсыласын қапы қалдырды.

Осылайша, Сметов Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды.

Айта кетейік, осыған дейін Елдос Риода 2016 жылы күміс жүлде, Токиода 2021 жылы қола медаль алды.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан құрамасы нысана көздеуден қола жүлдені қоржынға салды.