Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында велоспорттан алғашқы дода – ерлер арасында жеке жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алтын жүлдені бельгиялық шабандоз Ремко Эвенеполь жеңіп алды – ол қашықтықты 36 минут 12,16 секундта бағындырды.
Екінші нәтижені италиялық Филиппо Ганна (+14,92) көрсетті. Бельгияның тағы бір өкілі Воут ван Аарт (+25,63) қола жүлдегер атанды. Қазақстан атынан Евгений Федоров жарысқа қатысты - ол 21-ші болды (+2:21,82). Барлығы 32 спортшы қатысты.
Олимпиада 2024. Париж, Франция)
Ерлер. Жекелей жарыс
1. Ремко Эвенеполь (Бельгия) - 36:12.162. Филиппо Ганна (Италия) - +14,923. Воут ван Аэрт (Бельгия) - +25:63
21. Евгений Федоров (Қазақстан) - +2:21,82.
Комментарии