Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан қыздар арасында 48 келі дәрежесінде қола жүлде үшін белдесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан намысын қорғайтын Әбиба Әбужақынова швециялық Тара Бабулфатпен кездесті.

Жекпе-жектің басында бұрымды балуанымыз аяғын ауыртып алды. Нәтижесінде Әбиба қарсыласынан иппон әдісімен жеңілді.

Айта кетейік, осыған дейін 60 келі салмақта Елдос Сметов финалға жолдама алған еді.