Қазақстандық теннисші, әлемнің 25-ші ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Олимпиада турнирінің 2-ші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда америкалық Тейлор Фрицтен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 59 минутқа созылды.

Келесі айналымда Фриц Д.Дрепер (Ұлыбритания) пен К.Нишикори (Жапония) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, теннистен жарыстар 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді.

Қоса кетейік, жарысқа дейін Елена Рыбакинаның, бүгін Юлия Путинцеваның Олимпиадаға қатыса алмайтыны белгілі болды.