Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиадада дзюдодан 60 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалдың екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елдос үш дүркін Еуропа чемпионы испаниялық Франсиско Гарригоспен кім мықтыны анықтады.

Негізгі уақыт тең аяқталып, қосымша уақытта (Golden Score) Сметов иппон әдісімен жеңді.

Айта кетейік, бұл салмақта француз Лука Мхиедзе алғаш болып финалға шықты.

Сметов 2016 жылы Риодағы Олимпиадада күміс медаль алса, 2021 жылы Токиода қоланы қанағат етті.

Қоса кетсек, қазақстандық бұрымды балуан Әбиба Әбужақынова дзюдодан 48 келі салмақта қола медальға таласады.