Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында жұбаныш белдесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде парагвайлық Габриела Нарваэспен кездесіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әбиба алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен жекпе-жек өткізіп, 1:0 есебімен басым түскен еді. 1/8 финалда Әбужақынова Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта жеңген еді. Ширек финалда ол испаниялық Лаура Мартинеске есе жіберіп алды.