Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден (10 метр) әйелдер арасындағы іріктеу сыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жаттығуда Қазақстан атынан Ирина Юнусметова сынға түскен болатын. Іріктеуден өту үшін алғашқы 8 спортшының қатарына ену керек.

Ал Юнусметова 11-орыннан көрінді. Осылайша, Ирина жарысты аяқтап отыр.

Айта кетелік, бұған дейін Александра Ле мен Ислам Сәтпаев Қазақстанға бірінші медальді сыйлады. Олар аралас командалық сында (пневматикалық винтовка, 10 метр) үшінші орын алды.