Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақта Әбибаның қарсыласы испаниялық Лаура Мартинес Абеленда болды. Бұл кездесуде испаниялық теннисші иппон әдісімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Әбужақынова бұған дейін алғашқы кезеңде израильдік Шира Ришониді вазари әдісімен, 1/8 финалда тайпейлік Лин Чен Хаоны иппон әдісімен жеңген болатын.