Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалында белдесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Сметовтің қарсыласы тайпейлік Янг Юнг Вей болды. Елдос қарсыласын вазари әдісімен жеңді.

Бұған дейін Сметов алғашқы кезеңде Нидерланд спортшысы Торнике Чкадуаны, 1/8 финалда украиналық Дильшот Халматовты жарыс жолынан шығарған еді.