Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле сәтті өнер көрсетті.

Қола медальге таласта Қазақстан командасы Германияны 17:5 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының алғашқы медалі түсті.