OCTAGON 61 турнирі аясында Қырғызстан астанасында жеңіл салмақтағы қызықты жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой мансабында жалғыз рет жеңіліске ұшыраған жергілікті спортшы Марат Есенбеков (5-1) өзбекстандық «Қасқыр» Ибрагим Шаймановпен (6-5) кездеседі.

Қырғызстандық файтер Еуразиялық жекпе-жек лигасындағы дебютін өткізгелі оты. Ал өзбекстандық «Қасқыр» қазірге дейін ұйымда қатарынан екі рет жеңіске жетті.

3 тамызда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.

Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.

OCTAGON 61 турнирінің билеттерін kassir.kg сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink