ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аты аңызға айналған боксшы трибунада Қазақстанның туын желбіретіп, отандық спортшыларға қолдау көрсетті.

«Алға Қазақстан! Ойындар басталды!» деп жазды Геннадий Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 2024 жылғы Олимпиада 11 тамызға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 25 спорт түрінен 80 спортшы қатысады.